Выйти
RU

Тойда дәл қалыңдықтың алдына құлап түскен бойжеткен ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде той кезінде болған ыңғайсыз жағдайдың видеосы тарады. Той қонағы дәл қалыңдық пен оның әкесінің алдына құлап түсіп, неке қию рәсімін кідірткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы mirror.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен қалыңдықты тамашалап, ұялы телефонына түсіргісі келгені соншалық, құлап кететінін де ойламаған. Ол құлап түскенде гүлдерден құралған жақтауды да қиратқан. Той қызметкерлері асығыс қираған орынды жинауға кіріседі.

Тағы да оқыңыздар: Обама Трамптың қызымен көрші болу үшін 8 млн долларға үй сатып алды (фото)

Ал қалыңдық пен оның әкесі бұл жайтқа еш ренжи қоймады. Тек бойжеткеннің өзі тойды кідірткені үшін қатты ұялып қалған. Бұл жайттың қашан және қай жерде болған белгісіз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тойда дәл қалыңдықтың алдына құлап түскен бойжеткен ұятқа қалды