Выйти
RU

Трамптың "басын кесіп тастаған" танымал тележүргізуші жұмысынан қуылды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

CNN телекомпаниясының әзіл-қалжың шоуының танымал жүргізушісі Кэти Гриффин АҚШ президенті Дональд Трамптың "басы кесілген" видеоны жариялағаны үшін келісім-шарттан айырылды деп хабарлайды Centralasian.org.

CNN телекомпаниясы бұл көріністі "жиіркенішті және қорлаушы" деп атап, бұл жылы Гриффинді Жаңа жылда Нью-Йоркте өтетін Таймс-скверге шақырмайтынын мәлімдеді. Нью-Мексико штатының казиносы да 22 маусымда өтуге тиіс Гриффин кешінен бас тартты.

Гриффин жариялаған видеоға қатысты Дональд Трамп Twitter-ге "осы үшін оған ұят болу керек" деп жазды.

Ал, бірінші леди Мелания Трамп: "Ана, әйел және адам ретінде бұл суреттер өте қорқынышты. Бүгін сіз әлемде болып жатқан небір хайуандық әрекеттерді қарап, осыны жасаған адамның есі дұрыстығына күмән келтіресіз", - деп мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар: Шавкат Мирзияев арсыз банкирлер үшін шенеуніктерге сөгіс жариялады

Гриффин сейсенбі күні қалжың ретінде жариялаған видеосының шын мәнінде күлкі тудырмайтынын мойындап, кешірім сұраған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Трамптың "басын кесіп тастаған" танымал тележүргізуші жұмысынан қуылды (фото)
Mailfire view pixel