Выйти
RU

Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда «Медеу» мұз айдынына барар жолда жол-көлік оқиғасы болып, жолаушылар автобусы шатқалға құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz patrul.kz-ға сілтеме жасап.

Оқиға бүгін таңертең болған. «ПАЗ» маркалы автобус төмен қарай жүріп келе жатып, бұрынғы "Просвещенец" демалыс орны ауданындағы жолдан бұрыла бергенде жиекке шығып кеткен.

Автобус жүргізушісінің айтуынша, оның жолын қара түсті Mercedes көлігі кес-кестеген.

Соққыдан жалтару үшін жүргізуші қоғамдық көлікті бірден оңға бұрып, бордюрге соғылған. Сол сәтте, қайтадан солға бұрыла бергенде автобус ығып кетіп, төмен қарай құлап кеткен.

Қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған, жүргізуші де ауыр жарақат алмапты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көпір бұзылып, екі газ құбырына зиян келген.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік журналист орысша сұхбат бермеген қызметкерді "ұлтшыл" деп атады (видео)

Төменге құлдилаған автобус бірнеше ағашты сындырып кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (фото)