Выйти
RU

Қанат Исламның кезекті қарсыласы кімдерге ұнамай қалды?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атышулы америкалық боксшы Джеймс Киркленд енді Қанат Исламның қарсыласы атануы мүмкін. Джеймс соңғы рет Сауль Альварестен оңбай таяқ жеген соң рингке қайта шықпаған деп хабарлайды НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасы.

Егер Қанат Ислам бірінші орта салмақта кезіндегі мықты Джеймс Кирклендпен жұдырықтасар болса бағы жанады. Бұл бокс саласын жетік білетін білгілі журналистердің пайымы. Ең алдымен Джеймсті жеңу арқылы Қанат өзін әлемге танытады. Екіншіден қос былғары қолғап шебері WBO немесе WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін айқасқа түсуі ықтимал.

Джеймс Киркленд соңғы мәрте рингке 2015 жылдың мамыр айында шыққан. Жалпы америкалық боксшы өз мансабында 34 жекпе-жек өткізіп оның 32-інде басым түскен. Бұл тізімде 28 нокауты тағы бар.

Ол тек Нобухиро Ишидаға және Сауль Альвареске ұтылған. Соңғы жеңілісте ол мексикалыққа нағыз бабында тұрған шағында тап келген еді.

Қанат Ислам мен Джеймс Киркленд Астана қаласында қыркүйекте жекпе-жек өткізуі ықтимал. Екі тараптың арасында қазір келіссөздер жүріп жатқаны тағы бар. Джеймс болса Қанатпен айқасу үшін әлемнің кез-келген түкпіріне баруға даяр екенін айтқан. Талайдың рингте шаңын қаққан боксшы нағыз айқасты сағынып жүрген секілді.

Тағы оқыңыздар: Алматыда жолаушылар автобусы көпірден құлап кетті (фото)

33 жасар Джеймстің әлі де күш-қуаты бабында екені белгілі. Тек жөнсіз жаттығу стратегиясы оның жеңілістеріне жол ашып, мансабын үлкен сұрақтың алдында қалдырған еді. Қанатпен айқасу арқылы ол бұрынғы биігіне қайта шығуға қадам жасайды.

Қанат Ислам өз кезегінде ұтып жатса, бірінші орта салмақтың мықтыларымен рингке шығып, чемпиондық бәсекелер өткізу құқығына ие болмақ.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қанат Исламның кезекті қарсыласы кімдерге ұнамай қалды?
Mailfire view pixel