Выйти
RU

Үнділік азамат 36 жыл бойы ішіндегі егізімен бірге өмір сүріп келген (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Санджу Бхагат әрдайым жүктіліктің соңғы айында жүргендей көрінетін. Үлкен іші ер адамның жүріп-тұруына, тіпті демалуына кедергі жасайтын. 1999 жылы ішін ісік жайлап кетті деп ота жасаған дәрігерлер, Бхагаттың ішінде 36 жыл бойы егіз бауырының жатқанын анықтаған деп хабарлайды stranamam.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ота кезінде Бхагаттың ішін тілген дәрігер, өз көзіне өзі сенбеген. Емделушінің ішінен алдымен сырты қорғаншақ сынды сұйықтық шыққан, кейіннен адамның басы мен аяғы, түк басқан денесі көрінген.

Бхагат fetus in fetu, "ұрық ішіндегі ұрық" ауруына ұшыраған: жатыр ішіндегі егіздердің дамуы кезінде дамып келе жатқан жұмыртқа клеткасы екіншісінің ішіне түсіп кетеді, осылайша паразитке айналып, дамуын жалғастыра береді.

Әйел бір ғана баланы дүниеге әкелгенмен, екінші бала егіз бауырының ішінде өмір сүруін жалғастырады. Санджу бауырының денесін 36 жыл бойы денесінде көтеріп жүрген.

Бхагат отадан кейін жағдайының жақсарып, үлкен жеңілдікті сезінгенін айтады. Ол дәрігерлерден ішінен шыққан бауырын көруді де сұрамаған.

Тағы оқыңыздар: Қаза тапқан франциялық полицейдің жігіті оған өлгеннен кейін үйленді (фото, видео)

"Оның бұл сұмдықты көргісі келмеді. Оның жантүршігерлік болғаны соншалық, көрудің де қажеті жоқ еді", – дейді оған ота жасаған дәрігер Мехта.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үнділік азамат 36 жыл бойы ішіндегі егізімен бірге өмір сүріп келген (фото)