Выйти
RU

Алматы тұрғыны бір апта бұрын жоғалып кеткен шетелдік күйеуіне іздеу салды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық Гаухар бір апта бұрын жұмыс іздеуге үйінен шыққан күйеуін іздестіруде. Ер адам ұялы телефонын алмаған, ал төлқұжатын жақында ғана жоғалтып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзбекстан азаматы Абдурауф Якубов, 1979 жылғы,  мамырдың 24 күні Дмитриевка ауданынан түс уақытында жұмыс іздеуге шығады. Ер адам құрылыс жұмысымен айналысатын болғандықтан, тапсырыс берушімен кездесу жөнінде келіскен. Ол сол кеткеннен, үйіне оралмаған.

Гаухар бүкіл қаланы шарлаған, тапсырыс берушіге хабарласқанымен, ол тұтқаны көтермеген. Өзбекстандағы күйеуінің анасына хабарласады, амалы таусылған соң, құмалақшыға барады.

Әйел адам күйеуін еліне жер аударып жіберді ма немесе белгісіз біреулер құлдықта ұстап отыр ма деп уайымдауда.  Айтуынша, мұндай жағдай бірнеше жыл бұрын болған.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында оқушы қыз емтихан алдына өзіне қол салды.

Гаухар күйеуі оралатын шығар деген үмітте, себебі отбасында екеуінің үш қызы өсіп келе жатыр. Ең кенжесі үш айлық, ал ең үлкені 14-те.

Келіншектің сөзінше, Абдурауф Якубов дін жолын ұстанған, бірақ дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысы жоқ. Гаухар күйеуінің есін жоғалтып алатын аурумен ауыратынын да атап өтті.

Жоғалған ер адамның белгілері: Дене бітімі арық, бойы шамамен  – 170 см, қысқа шашты. 45 деген жазуы бар көк футболка мен спортты трико киген.

Гаухар күйеуін көрген-білгендер болса мына нөмірге хабарласып, қол ұшын беруді сұрайды:  8-707-500-70-95.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы тұрғыны бір апта бұрын жоғалып кеткен шетелдік күйеуіне іздеу салды (фото)
Mailfire view pixel