Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК телефон қоңырауларының қалай тыңдалатынын түсіндіріп берді

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа техрегламенттегі ұялы желі абоненттері туралы мәлімет жинау, барлық әңгімелер жазылады дегенді білдірмейтіндігін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Заңға сай, кез-келген арнайы жедел-іздестіру шарасы және келісімсіз тергеу амалдары прокурор санкциясы арқылы жүреді, деп атап өткен комитетте.

"Прокурор санкциясы бар адамның ғана барлық қоңырауы жазылады", - деді ҰҚК.

Оның үстіне, телефон әңгімелерінің тыңдалымы мен жазылуы 24 сағат ішінде прокурор санкциясын алу қажеттілігімен қоса, жеке тұлғаның өтінішімен ғана жүзеге асырылады.

Осындай жолмен, арнайы қызмет телефон операторларының желілеріне тікелей қолжетімділік ала алмайды. 

Тағы оқыңыздар: Алматы тұрғыны бір апта бұрын жоғалып кеткен шетелдік күйеуіне іздеу салды (фото)

Комитеттегілердің мәліметінше, телефон компаниялары жедел-іздестіру шарасы үшін өз жабдықтарының функциясын ғана көрсету керек, олардың қатарына "ұстап алу, жазба, сақтау, тыңдау, қарау... тыңдалған аудио мен видео сөйлесулер, мәтіндік хаттар кіреді".

Естеріңізе салсақ, жаңа техникалық тәртіп өз күшіне 2018 жылдың ақпан айында енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1510999-uqk-telefon-qonhyraularynynh-qaysysy-zh/

pixel