Выйти
RU

Мектептегі былық: Ата-аналардан ақша жинауға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Депутаттар ата-аналардан ақша жинауға енді заңмен тыйым салу керек екенін айтып, дабыл қақты. Тіпті іске премьер-министрдің араласуын сұрады деп хабарлайды КТК арнасы.

"Біздің сауалымыз Сағынтаевқа жолданады. Ол мектепте ақша жинау мен бітіру кешін өткізуге қатысты. Яғни, бұған тыйым салу үшін құзырлы орындарға тапсырма беріп, заңсыздықты болдырмауыңызды сұраймыз", - дейді Сенат депутаты Владимир Редкокашин.

Жоғарғы палата депутаттарының айтуынша, білім ордаларында ақша жинауға Ресей, Өзбекстан мен Беларусьта тыйым салыныпты. Ал, біздің елдегі білім ордаларында ақша жинау дерегі азаймай тұр.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік кәсіпкер тегін нан таратып, елді сүйсіндірді (фото)

Мұғалімдер ата-аналардан қит етсе теңге сұрап, түрлі сылтау айтады. Яғни, мектепті жөндеп, түрлі іс-шара өткізуге қала берді сыныптың қорына дейін жинайды. Оның үстіне алда мектеп бітіру кеші келе жатыр. Оны ұмытылмастай етіп өткізуді қалаған түлектердің әке-шешесі ақша жинауда алдына жан салмайтыны белгілі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мектептегі былық: Ата-аналардан ақша жинауға заңмен тыйым салынуы мүмкін