Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ВиаГРА" тобының қыздары Астанадағы мешіт маңында жартылай жалаңаш өнер көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Астанада кеше 1 маусым күні ТМД елдерінің 30 әншісі Open Air деп аталатын ірі шара өткізіп, концерт берді. Рамазан айында ұйымдастырылған концертке мыңдаған адам жиналып, ВиаГРА тобының қыздары жартылай жалаңаш күйінде өнер көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шара елордадағы "Қазақ елі" монументінің алдындағы алаңда болды. Оған мыңдаған көрермен жиналып, сүйәкті әншілерінің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды.

Алайда желі қолданушыларына мұндай шара Астана мешітінің маңындағы "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда өткені ұнамай қалды. Мешіт маңында жартылай жалаңаш күйінде ән айтқан топтарды желідегілер қатаң сынға алып, сөгіп тастады.

Бұл шараға еліміздің танымал жұлдыздары, «ВиаГра», MBand, Қайрат Нұртас, Глюкоза, Төреғали Төреәлі, Макс Барских, МОТ, Натан, Жанар Дұғалова, Айқын, Әли Оқапов, «Орда», «Формат», Ninety one топтары мен танымал украиналық әнші секілді өзге өнер адамдары қатысты.

Айтулы кешті отандық әнші Мәдина Сәдуақасова жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1511733-viagra-tobynynh-qyzdary-astanadaghy/

pixel