RU

Қайрат Нұртастың анасы Бибігүл Төлегенованың сынына қатысты жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова күні кеше ғана қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың айтқан сынына қатысты жауап берді деп хабарлайды 31 арна.

"Халық шешеді. Бірақ, «жерге» теңеп жатыр ғой, жер басып өмір сүріп жүрміз. Аса ренжіген жоқпыз. Қайрат Димаш бола алмайды, Димаш Қайрат бола алмайды", - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тіпті, желілерде кейбіреулер Бибигүлдің сынын өздерінің пайдасына асырып жатқандар да бар көрінеді. Белгісіз біреу Қайраттың жары ретінде Жұлдыз Әбдукәрімова деп таныстырып, көпшілікке инстаграм желісі арқылы жауап беріп жүрген сыңайлы.

Тағы да оқыңыздар: Елбасы: Жергілікті полиция жұмысына халық тарапынан сын айтылуда

Әншінің суреттерін салып, пікірлер жазып қалдырып жүр. Алайда, Гүлзира Айдарбекова өзінің келінінің мұндай қадамға бармайтынын және еш уақытта инстаграм желісін ашпағанын айтып ағынан жарылды.

"Жұлдыз мүлдем инстаграм желісін ашпаған", - дейді ол.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бағдат Сәмидинова Қайрат Нұртасқа танымалдылық, елдің қошеметі, атақ-даңқ та тек еңбектің арқасында келді десе, ал Димашқа зор дауысты Алланың оған берген сыйы деп түсінеді. Тіпті, екеуін салыстырудың өзі ұят деген пікірде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қайрат Нұртастың анасы Бибігүл Төлегенованың сынына қатысты жауап берді
Mailfire view pixel