RU

Ақтөбелік кəсіпкер жетім балаларға арнап екі қабатты тұрғын үй салып жатыр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында салынып жатқан құрылыс нысанымен облыс əкімі Бердібек Сапарбаев танысып қайтты. "Қамқор" жеті пəтерлік тұрғын үй кешені ауылдың қақ ортасында орналасқан деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

"Бірінші Алланың ісі. Алғашында алты адамға баспана беріп, жұмыспен қамтамасыз етпек болдым. Бірақ, басталған Рамазан айында киелі сан болсын деп жеті отбасын қамқорлыққа алғым келді. Күзге дейін екі қабатты тұрғын үй құрылысын бітіруді жоспарлап отырмын. Жетім балалар үйінен шыққан жеті отбасын ауылға əкелгім келеді. Оларға беретін жұмысым да дайын. Балаларын балабақшаға орналастыруды да мойныма аламын. Қажет болса, оларды қосымша оқытып, ауылда жоқ мамандарды дайындағым келеді", - дейді Ибрагим Сəрсенбаев.

Кəсіпкер тұрғын үй ауласына бақша егетін жер мен жас отбасылардың қолдарына бірді-екілі мал беруді де жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртастың анасы Бибігүл Төлегенованың сынына қатысты жауап берді

Ауданда бірнеше рет жыл адамы атағын алған кəсіпкер Ибрагим Сəрсенбаев Ақтөбе облысы бойынша президенттің қолынан алғаш рет жүлде алғандардың бірі.

"2005 жылы мемлекетке 9 млн 930 мың теңге салық төлесем, 2016 жылы 18 млн салық төледім. Шүкір. Елбасының "Парыз" байқауынан алғашқы алтын жүлдені алған облыста біз",- дейді "Наурыз СИМ" ЖШС-нің директоры Ибрагим Сəрсенбаев.

Ауыл кəсіпкері 90 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбелік кəсіпкер жетім балаларға арнап екі қабатты тұрғын үй салып жатыр (фото)
Mailfire view pixel