RU

Әлемді өзіне қаратқан миллиардерлер қандай көлік мінеді?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жоғары технология саласында байыған миллиардерлердің көлігін NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

1. Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс Porsche көлігін жақсы көреді. Оның 911 Porsche кабриолеті 82140 доллар тұрады.

2. Миллиардер Илон Маск, PayPal мен Tesla Motors компаниясын құрған. Ол әрине Tesla көлігін пайдаланады.

3. Эван Шпигель, Snapchat-тың негізін қалаушы Ferrari көлігін жақсы көреді. Шпигельдің мүлкі — 4,5 миллиард доллар.

4. Oracle-дың бас директоры Ларри Эллисон жақында Lexus LFA көлігімен көзге түсті. Оның құны - 375000 доллар.

5. Аарон Патзер, Mint компаниясының негізін қалаушы 29 000 долларлық Subaru Outback көлігін басқарады.

6. Ларри Пейдж, Google-дің негізін қалаушы Tesla көлігімен жүргенді ұнатады.

7. Марк Цукерберг, Facebook-тің директоры Volkswagen Golf GTW және өзге де көліктердің иесі.

8. Dell бас директоры Майкл Делл Hummer H2 көлігін ұнатады.

Тағы да оқыңыздар: Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті

9. Airtime иесі Шон Паркер Audi S5 пен Tesla Model S көліктерін басқарады.

10. Сергей Брин, Google-дің негізін қалаушылардың бірі де Tesla-ны таңдаған.

11. Стив Балмер, Microsoft-тың бұрынғы бас директоры Ford Fusion Hybrid көлігін ұнатады.

12. Facebook-тің негізін қалаушы Дастин Москавиц Volkswagen R32 көлігін басқарады.

13. Джефф Безос, Amazon-ның бас директоры Honda Accord көлігінің иесі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемді өзіне қаратқан миллиардерлер қандай көлік мінеді?
Mailfire view pixel