RU

Шымкентте прокурорға пара бермегені үшін дәрігерді жұмысынан қуған

Шымкент қалалық №4 ші емханада еңбек еткен Ләззат Құлжанова жұмыстан заңсыз қуылдым дейді. Оның айтуынша бас дәрігер әр-түрлі себептерді сылтау етіп, ақша жинап келіпті деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

"2013 жылы мына Бекжан базары өртеніп, соның өртенуі салдарынан бізден ақша жинау басталды. Бір күндік еңбекақымыздан жинады. Мен бас дәрігер Рахмат Мүсірәлиевке қарсы шығып, ақша бере алмаймын дедім. Біздің жұмысты әл-фараби аудандық прокуратура тексеріп келді. Олардың қандай жұмыспен келгенінен хабардармын", - дейді Ләззат.

Ләззат бастығына қарсы шыққан үшін, үш рет соттасқанын мойындайды. Алайда, шыққан нәтижеге көңілі толмай отыр. Сондықтан Ұласбекқызы өзіне тағылған айыптың негізсіз екенін дәлелдемек.

Тағы оқыңыздар: Анасының бейнетті күндерін көрген шымкенттік бойжеткен күйеуге шығудан бас тартты

"Екі апта өткеннен кейін, қолында журналы бар аға медбике Құндыз келді. Ләззат апай, мына прокурорлардан ертерек құтылу үшін барлық қызметкерлер бес мыңнан жинап жатырмыз деді. Мен оған тағы қарсы шықтым. Прокурор кірсін, мені келіп тексерсін, менің беретін бес тиыным жоқ дедім", - дейді әділдік іздеген медбике.

Осы оқиғадан кейін Ләззат Құлжанованың сіңілісі жұмыстан кетіп, артынша шағымданушының өзі де жұмыс орнынан қуылған. Мейірбике жұмыстан қуылуының себебін басшылыққа қарсы шыққандықтан деп есептейді. Осылайша әл-Фараби аудандық сотына шағымданғанымен, сот шешімді бас дәрігердің пайдасына шығарған.

Аудандық соттың шешіміне қанағаттанбаған оның шағымы, облыстық сотта екі рет қаралады. Алайда облыстық сотта Рахмат Мүсірәлиевтің жұмысынан еш кінә таппаған. Ал бас дәрігер Рахмат Мүсірәлиев өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, кінә жұмысына салғырт қараған медбикенің өзінен дейді.

"Өзіне міндеттелген кейбір функцияларды дұрыс атқармаған. Кейбіреулерден ақша алған, ертең кел, арғы күні кел деген соң, қызметтік тергеу жасап, ескерту бердік. Ол кісінің мінезі сондай, болмайтын нәрсеге араласады", - дейді Мүсірәлиев.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысындағы судьялардың бірі қазір қаңғыбасқа айналған (фото)

Шағымдануын қоймаған Ләззат бала күтімі бойынша уақытша жұмыстан кеткен Айжанованың орнына жұмысқа қайта алынған. Бірақ, демалыстағы маманның жұмысына қайта оралуына орай, шағымданушы қайта жұмыстан шыққан.

Бүгінде бұрынғы орнына оралуды қалайтын Ләззат Құлжанова әділдіктің түбіне жетпей қоймаймын деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516229-shymkentte-darigerdi-prokurorgha-para.html