RU

Еліміздегі жұлдыздар ақыл айтып ақша тауып жүр

Нарық заманында елімізге танымал қыз-келіншектер ақша табудың түрлі көзін тапқан. Белгілі тележүргізушілерден бастап, айтыскер ақындар, әншілер мен блогерлер қазақстандық аруларға түрлі қызметін ұсынуда. Бірі қыз ұзатып, пайда тапса, енді бірі әйел қауымын үйіріп алып оларға шеберлік сағатын өткізуді әдетке айналдырған. NUR.KZ  ерекше жолмен табыс тауып жүрген қыз-келіншектерді оқырман назарына ұсынады.

Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші соңғы уақытта ел аралап, қазақстандық қыз келіншектерге таусылмайтын мәселелерден қалай құтылуға болатынын үйретуді қолға алды. Ол "Бақытты әйел" деп аталатын шеберлік сағатын әйел қауымын шаршатқан проблемалардың шешу жолына арнайды.

Құралай Ошақбаева

Елге Құралай ханым деп танылған блогер Қазақстанның бірнеше қаласында ақылы семинар өткізіп келеді. Желі қолданушылары семинар бағасының қымбаттығын блогердің парақшасына жиі жазатын көрінеді. Алайда Құралай Ошақбаева өз тренингтерінде айтылған нәрсе жас қыз-келіндерге тек пайда әкелетініне сендіріп бағуда.

Динара Сәтжан

Тележүргізуші Динара Сәтжан бүгінде бизнесте табысқа жетіп отырған әйелдердің бірі. Ол сән бизнесінен бөлек, қонақ үй ашып алған. Соңғы кездері Динара Сәтжан көпшілікпен кәсіптегі тәжірибесімен бөлісуді әдетке айналдырды.

Әсем Нұрсейітова 

Отандық дизайнер, белгілі блогер Әсем Нұрсейітова да әйелдерге отбасы мен бизнесті бірге алып жүрудің қыр-сырын бөлісуді жөн көрген. Ол тұрақты түрде “Отбасы және бизнес. Үйлесімділікті қалай табу керек?” деген тақырыпта әйелдерге таңғы шай ұйымдастырып жүр.

Сара Тоқтамысова 

"Мен үшін әр ұзатқан қызымның орыны бөлек" дейтін айтыскер ақын Сара Тоқтамысова көптен бері қыз ұзату тойларында сұранысқа ие болып жүрген жұлдыз. Осы уақытқа дейін талай қызды шығарып салған ақын әлі күнге ұзату тойында қыздармен бірге толқитынын, тебіренетінін айтады.

Жазира Байырбекова

Жазира Байырбекова қыз ұзату тойының жұлдызы болып жүрген әнші. Бұл кәсіп оның тұрақты табыс көзіне айналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516313-elimizdegi-zhuldyzdar-aqyl-aytyp-aqsha.html