RU

Назарбаевтан араша сұраған шымкенттік мұғалім директорымен татуласудан бас тартты

Шымкентте "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, қысым көргенін" айтқан Нұртас Оңдасынов атындағы №38-мектептің мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева мектеп директоры Айман Жүсіповамен татуласудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Шымкенттегі бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары ұйымдастырған жиынға ондаған адам қатысты. Әуелі міндетінен тыс жұмысқа тартылып, қысым көргенін, кесірінен денсаулығына зиян келгенін бұған дейін мәлімдеген Гүлжан Сәлімбаеваға сөз берілді. Содан кейін мектеп директоры Айман Жүсіпова сөз алды.

Болған оқиғаны тыңдаған қоғамдық бірлестіктің төрағалары дауды осы жерден тоқтатып, екі жақты қол алысып татуласуға шақырды.

Гүлжан Сәлімбаева татуласуға қарсы емесін, бірақ мектеп директорынан бұдан кейін қысым көрсетпеуі туралы қолхат жазып беріп, кешірім сұрауын сұрады. Мектеп директоры Айман Жүсіпова қолхат жазып беруден бас тартты.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе әкімі: Үйдің қасында шайтанның суреті ілінсе де үндемей отырамыз ба?

Бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары директордың қысым көрсетпеуіне кепіл болатынын айтса да, Гүлжан Сәлімбаева татуласу, татуласпау өз құқығы екенін айтып, қолхат болмаса татуласа алмайтынын айтты.

"Менің ертеңгі күніме ешкім кепілдік бере алмайды. Татуласу я татуласпау - менің құқығым. Сотта мен жеңілейін, шындықтың бар екеніне сенемін", - деді Гүлжан Сәлімбаева Азаттыққа.

Гүлжан Сәлімбаева бұдан бұрын мектеп басшылығы міндетінен тыс жұмысқа салғанын, қысым көрсетіп, денсаулығына зиян келгенін, 17 күн ауруханада ем қабылдағанын айтып шағымданған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516408-nazarbaevtan-arasha-suraghan-shymkentt.html