RU

Өзбекстан ең бақытты елдер тізімінде Қазақстанды шаң қаптырды

Колумбия университетінің жер институты зерттеушілері 2017 жылғы ең бақытты және бақытсыз елдер тізімін жасады. Бұл туралы NUR.KZ порталы worldhappiness.report сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

World Happiness Report 2017 деп аталатын рейтингте ең бақытты ел деп Норвегия танылды. Ал ең бақытсыз ел – Орталықафрикалық республика. Бақытты елдер арасында үздік бестікке Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Финляндия кірген.

Ал ең бақытсыз бес ел - Орталықафрикалық республика, Бурунди, Танзания, Сирия, Руанда. Ресей бұл рейтингте 49 орыннан табылған. Ал Қазақстан барлығы 155 елдің ішінде бақыттылық жағынан 60 орында.

Тағы оқыңыздар: Назарбаевтан араша сұраған шымкенттік мұғалім директорымен татуласудан бас тартты

Айта кетерлігі, еліміз Түркіменстан (59), Өзбекстан (47) елдерінен қалыс қалып, Қытай (79), Түркия (69), Қырғызстан (98), Тәжікстан (96) елдерін басып озған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516430-ozbekstan-enh-baqytty-elder-tiziminde.html