RU

Джеки Чанның келуіне орай астаналықтар түгелдей қытайша сөйлеп кетті (видео)

Бүгін Астанаға әлемге әйгілі киноактер Джеки Чан келіп, оны еліміздің белді шенеуніктері арнайы күтіп алғаны белгілі. Еліміздегі ең ірі телеарналарды шоғырландырған "ҚазМедиа" орталығында "Қазақстандағы қытай киносының фестивалін өтуде. Алайда "Қазмедиа" орталығының қытайша безендірілуі желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айтулы шараны ағылшын тілінде жүргізген Динара Сәтжан желідегі парақшасына видео жүктеді.

Видеодан "ҚазМедиа"орталығына қызыл кілем жайылғанын және бүкіл ғимарат ішінің қытайша безендірілгенін көруге болады.

Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырды. Олар "ҚазМедиа" секілді атауы дардай орталық ғимаратының қытайша безендірілгеніне наразылық танытты.

"ҚазМедианы" қытайша əсемдегенше, қазақша əсемдеген дұрыс деп ойлаймын. Джеки Чан қазақ еліне келді ғой. Қазақты танып көруге келді, Қытайды емес", - деді ашуланған желі қолданушылардың бірі.

Тағы оқыңыздар: Бүгінгі күннің батыры: 13 жастағы жеткіншек суға кеткен сәбиді ажалдан құтқарды (фото)

Сонымен бірге, "Қазақстандағы Қытай киносының фестиваліне" арналған концерттік бағдарлама қытай тілінде басталғанын атап айту керек. Кешті қытайлық СС TV арнасының журналисі Намила мен отандық тележүргізуші Ертай Нүсіпжанов жүргізді.

Концерттік бағдарлама кезінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Ерғали Нүсіпжанов "Алатау" әнін орындаса, опера әншісі Майра Мұхамедқызы қытай тілінде ән орындап Джеки Чанды қуантып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516482-dzheki-channynh-keluine-oray-bukil-qazme.html