RU

Көркіне көз тоймайтын Иранның ниндзя-қыздары туралы не білеміз?

Иранда 4000 ару шөлде аман қалу мектебінен өтіп, супер сарбаз атану үшін ниндзялықтың қыр-сырына үйренуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл арулар еш ойланбастан бірер секундта қарсыласын пышақтап өлтіре алады. Бірі қарудың шебері болса, екіншісі күрестің шебері. Аталмыш ниндзялар клубы 1989 жылы Джагин сарайында ашылған болатын. Тегераннан 70 шақырымда орналасқан бұл жерде 4000 әйел ниндзя атана алады.

Сіздің нәзік жанды екеніңізге бұл жерде еш мән берілмейді. Сіз кез келген ауыр трюкті шебер орындай алуыңыз керек.

Тағы да оқыңыздар: Өзбекстан ең бақытты елдер тізімінде Қазақстанды шаң қаптырды

"Біздің қыздар алдымен өзін сыйлауды, кейін өнерді үйренеді", - дейді оқытушы Фатима Муамер.

Арулар 70 градус ыстықта жаттығулардан өтіп, өзін үлкен сабырлық пен төзімділікке баулиды.

"Қыздар адам өлтіру өнерін үйреніп жүргенімен, олар бұл өнерді жамандық жасау үшін пайдаланбайды. Біз ереже мен тәртіпке бағынуды да басты назарда ұстаймыз. Сондықтан олар біреудің үйіне баса көктеп кіріп, оларға қиянат жасайды деп ойламаймын", - дейді мектептің өкілі Акбар Фараджи.

Тағы да оқыңыздар: Джеки Чанның келуіне орай "ҚазМедиа" түгелдей қытайша безендірілді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516536-olim-qaruy-irannynh-nindzya-qyzdary-tur.html