RU

Танымал жүзуші Олимпиада ойындарындағы жанжалдан кейін өзіне қол салмақ болған 

Жүзу бойынша алты дүркін әлем чемпионы, америкалық Райан Лохте Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өткен Олимпиада ойындарында өзіне қол салмақ болғанын мойындады. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.delfi.lt сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Риодан кейін мен, бәлкім әлемдегі ең жеккөрінішті адам болған шығармын? Кей кездері "Ұйқыға кетіп, оянбай қалсам жақсы болар еді" деген ойлар басыма келіп, егіле жылайтынмын. Мен өзімді өлтіруге шақ қалдым", - дейді 32 жастағы Лохте.

Тағы да оқыңыздар: Өлім қаруы: Иранның ниндзя-қыздары туралы не білеміз?

Еске салсақ, Лохте Риодағы Олимпиада кезінде қарулы қарақшылар оны және үш америкалық жүзушіні таксиде тонағаны туралы мәлімденген болатын. Кейін жүзушілер бұл оқиғаның ойдан шығарылғанын мойындайды.

Нәтижесінде Лохте жарыстан он айға, ал қалған жүзушілер төрт айға шеттетілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516615-tanymal-zhuzushi-olimpiada-oyyndarynd.html