RU

Астанада жиналған жұрт Джеки Чанды таптап кете жаздады (фото)

Астанада танымал актер Джеки Чанның қатысуымен брифинг өтуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Джеки Чанды көргісі келген қалың жұрт оны таптап кете жаздады. Актер қызыл кілемге аяқ басқан сәтте-ақ оны табынушылары қоршауға алды.

Тағы да оқыңыздар: Өлім қаруы: Иранның ниндзя-қыздары туралы не білеміз?

Джеки Чанның күзеті адамдар оны таптап кетпес үшін бар күшін салды.

Актер бірнеше автограф беріп үлгергеннен кейін, Қазмедианың ғимаратына кіріп кетті. Онда қытай киносының фестивалі өтеді.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі жұлдыздар ақыл айтып ақша тауып жүр

Есік жабыла салысымен, Джекиді көргісі келгендер легі толастамай ағыла бастады.

Актер табынушыларымен және журналистермен кездесіп, өзінің жетістікке жету құпияларымен бөлісті.

"Мен уақытта текке кетірмеуге тырысамын. Менде ондай мүмкіндік те жоқ. Маңызы жоқ дүниелерге уақытымды сарп етпеймін. Сары басылымдағы өсекке мүлде қарамаймын", - дейді ол.

Актер Димаш Құдайбергенді экраннан алғаш көргенде, оның сымбаты мен дауысына тәнті болғанын жасырмады.

"Ол елді де, мені де аң-таң етті. Кейін ол фанатым екенін білдім. Онымен кездескеніме қатты қуандым. Димаштың болашақта кино жұлдызына айналатынына сенемін", - дейді Джеки Чан.

Фестивальде алты фильм таныстырылады. Олар «Чаплин» кинотеатрында 7-18 маусымда көрсетіледі. Ал ашылу салтанатында "Йога Кунг-фу" фильмі көрсетілмек.

Еске салсақ, кеше танымал актер Джеки Чан Астанаға ұшып келіп, оны Астана әкімі жеке өзі қарсы алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516642-dzheki-chandy-astanada-zhinalghan-zhurt-ta.html