Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтынмен апталған 12 мың доллардың домбырасы кімдерге жасалады? (фото)

Опубликовано:

40 жылдық ғұмырын қазақтың қос ішекті аспабына арнаған азамат өнер тарихынан ойып тұрып орын алары сөзсіз. NUR.KZ осы күнге дейін 2000-нан астам музыкалық аспап жасаған қас шебер Жолаушы Тұрдығұловтың ел білмейтін қырлары мен сырлары жайлы қалам тербемек.

Алғашқы домбыраны ескі-құсқы ағаштан жасадым. Жолаушы Әбілғазыұлы ең алғашты домбырасын әскерде жүргенде жасапты.

Ресейдің Красноярск деген қаласында әскери борышымды өтедім. Елден жырақ кетіп көрмеген мен үшін ауыр соққы болды. Туған жерді қалай сағынғанымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол сағынышты, ішкі шерді басу үшін әскерде жүріп, ескі-құсқы ағаштан домбыра жасадым. Ол аз дегендей, сол аспапты ойнауды үйрендім. Бүкіл ротаға әлгі домбыра басты байлық. Қырғыз елінің де жігіттері домбыраны тартып үйреніп, барлығымыз қазақша ән айтамыз. Әскерден қайтқан уақытымда өз затымды өзіме бермеді, басқа жауынгерлер үйренеміз деген өтінішпен алып қалды.

Алты айда бас домбырашы болдым

Елге келген соң біраз жыл азын-аулақ домбыра жасап, сұраған таныстарға тегін тараттым. Бірақ қос ішекті аспапқа деген қызығушылық басылмай облыстық оркестрға домбырашы болып жұмысқа тұрдым. Міне қызық тынбай еңбек еткенің арқасында шығар, ел жұрт ол оркестрға күйші болып кіру үшін төрт жыл консерваторияны бітіреді, ал мен алты айдың ішінде бас домбырашы дәрежесіне жеттім. Күйші болып жүргенде домбыраның дауысы көңілімнен шықпады. Өзіме күмбірлеген, мақпал дауысты саз аспабын жасап алсам деп армандап, шеберлікке қайта бұрдым. Кейін шеберханада жүріп саусақтарымды электр араға кестіріп алып, оркестрға жарамай қалды. Осылайша домбыра жасауға толықтай ден қойдым. Бірақ қысқа саусақпен домбыра шертуді алты жылдан соң қайта үйрендім.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбелік кәсіпкерден элиталық пәтер алған ана бизнесменді құшақтап жылады (фото)

Қазақстанның барлық әртісіне музыкалық аспап жасадым

Домбыра жасап жүргеніме 40 жылдан асты. Қазақстанның барлық әртістерінің үйінің төрінде менің қолымнан шыққан аспап бар деп нық сеніммен айта алам. Мен үшін бұл бизнестен бұрын жан рахаты. Себебі, бір затты мыңдап жасаған кезде, ол сенің балаң секілді болып кетеді. Өмірдегі жетістігің не деп сұраса – қазақ домбырасының дамуына үлес қостым деп мақтанышпен айта алам. Неге десеңіз бұрын шеберлер бұл аспаптың қақпағын күмбезіне ұстату үшін астына серіппе қойған. Ол серіппе музыканың дұрыс шықпауына әсер етеді. Домбыраның даусын жібектей жұмсақ ету үшін жиырмаға жуық жыл еңбек еттім. Нәтижесі - қазір шәкірттеріме үйретіп, қазақ даласында жасалып жатқан барлық домбыраны серппесіз жасалатын болды. Бұрын республика бойынша кәсіби домбыра жасайтын 5-6 адам болса, мен осы істің майын тамызатын 30 шәкірт тәрбиеледім. «Ұстаздан шәкірт озды» деген сөз бар. Өмірдегі жетістігім сол - кейбір шәкірттерім менен де асып түсті.

Домбыра ақшамен емес, шабытпен жасалады

Өзге бұйымдарға қарағанда домбыра жасаудағы басты айырмашылық оны тереңнен түсіну. Маған оқуға келген шәкірттерге «домбыра шертіп білмесең, сенен жақсы шебер шықпайды» деп талап қоям. Өзі керемет күй шертіп, өлең айтып бастаған кезде ғана тілі шешен домбыра жасап үйренеді. Керемет домбыра жасау тек қаржысына ғана емес, шебердің шабытына байланысты. Кейде мықты домбыраны бір аптада жасап шығарасың, кейде тура сол домбыраға алты ай жұмсайсың. Менің өмірлік ұстанымым - уақытқа да, ештеңеге де қарамаймын, домбыраның мақпал даусына келтірмей, бетіндегі қақпағын ауыстыра беремін. Тіпті бір аспапты 15 рет жөндеуден өткізген кездерім де болды. Тура осы қағиданы шәкірттеріме үйретемін.

Домбыраның құны сапасына қарай 12 000 долларға жетеді

Тағы оқыңыздар: Атырауда жүкті келіншекті құрсақтағы сәбиімен бірге өлтіріп алған дәрігерлер сотталды

Сапалы домбыраның құны 200 мың теңгеден жоғара тұрады. Себебі, бізде қызыл үйеңкі, бук деген ағаштар жоқ. Сондықтан жақсы материалдарды Африка, Канада елдерінен тапсырыспен алдырамыз. Ең қымбат домбыраларды кезінде 12 мың долларға да жасадым. Ол күміспен күптеліп, бағалы тастармен әрленген, қымбат сүйекпен қапталған болатын. Домбыраға тек отандастарымыз ғана емес шетелдіктер де тапсырыс берді. Осы күнге дейін Корея, Түркіменбасы, Ресей, қырғыз, өзбек секілді оншақты шетел президенттеріне Қазақстан атынан домбыра жасадым. Елбасымызға да арналған үш домбыра менің қолымнан шыққан.

Домбыра – шегі жоқ ғылым

Өмірдегі ең әттеген-ай дейтінім –домбыра жасауды неге ерте бастамадым деген өкініш. 40 жыл уақытымды осы аспапқа арнап, зерттедім. Түсінгенім домбыраның ғылыми шегі жоқ. Әлі күнге білмейтінім бар. Мақсатым - ізімді қуған шәкірттерге домбыра жайлы бар білгенімді үйретіп кету.

Жолаушы Әбілғазыұлы – домбыраны зерттеген тұңғыш профессор, ҚР Мәдениет қайраткері. Шебердің қолынан шыққан туындылар халықаралық жарыстардың бас жүлдесін бермейді. Кейбір жұмысы қазір АҚШ –тағы ең үлкен ұлттық мұражайға қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1516647-prezidentterge-arnalghan-dombyra-qan/

pixel