RU

Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жетім балаларға арнап үй салып берді (фото)

Бүгін Ақтөбе қаласында орналасқан «Мейірім» жастар үйіне Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова келді. Қазақстанның бай меценаттары Ақтөбеден жетім балаларға арналған орталық салып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жастар үйін салу үшін Иманғали Тасмағамбетовтің қызы мен күйеу баласы отбасылық бюджетінен 1,5 млрд қаржы жұмсаған.

«Орталық туралы аузымызды толтырып айтуға болады. Қазақстанда осындай әлеуметтік балалар үйі бірінші рет Ақтөбеден ашылып жатыр. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өз үйінде тұрғандай сезіну керек. Орталық ішінен бірнеше цех ашылды. Балалар жұмыс істеп үйреніп, өздерін дамытса дейміз. Қазіргі заманда жастар масыл болмау керек. Осы балаларды қуантып жатқан сіздерге алғыс айтамын. Рамазан айында жасаған істің сауабы үлкен. Адам әрқашан алғыс алып жүруі керек», - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Тағы оқыңыздар: Англияда футбол фанаты үш бірдей лаңкеске жалғыз өзі тойтарыс берген

Орталықтың іші мен сыртын облыс әкімімен бірге аралап шыққан қонақтар бұл Ақтөбеге жасап отырған соңғы көмектері емес екендіктерін жеткізді.

«Сәби» қайырымдылық қорының ұсынысымен салынған «Мейірім» жастар орталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Ел болашағы жастардың қолында. Сол себепті бұл жобаның маңызы зор. Орталықта тек баспана беріліп қана қоймайды. Олардың осы жерден мамандық алуына да жағдай жасалған. Осы бастамамыз әрі қарай дамитынына сенемін. Мұндай орталық Қазақстанда бірінші рет салынды. Бұл Ақтөбедегі біздің алғашқы жобамыз емес. Мүгедектерге көлік пен бірнеше балалар алаңының құрылысын салып бердік. Бүгінгі шараның біздің қайырымдылық қорымыздың 15 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуанамыз», - деді Тасмағамбетова.

Тағы оқыңыздар: Алматыда мәйіті арықтан табылған қыздың өліміне қатысты тың дерек пайда болды

«Мейірім» орталығында 16-29 жас аралығындағы балалар үйінің түлектері тұратын болады. Қазіргі уақытта онда 88 тәрбиеленуші қабылданған. Мамандар тәрбиеленушілер саны 110-ға жететінін айтты. Орталықтың 5 корпусы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516788-tasmaghambetovtynh-qyzy-aqtobege-qaza.html