RU

Димаш Астанаға келген Джеки Чанға тосын сый әзірлеген (фото, видео)

Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанға тосын сый әзірлеп, күтпеген жерден Джекимен бірге ән салды. Ол актермен қытай тілінде ән орындаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш қазақстандық-қытайлық кинофестивальдің қызыл кілемінде болмады. Алайда ол Джеки Чан сахнада ән салғанда, күтпеген жерден оған қосылып, тосын сый жасаған.

Тағы оқыңыздар: Англияда футбол фанаты үш бірдей лаңкеске жалғыз өзі тойтарыс берген

Бұл сәтте Джеки Чан қытай тілінде ән салып жатқан еді. Димашты көрген актер ерекше шаттыққа бөленді - ол орнында секіріп, қол шапалақтауға кіріскен.

Димаш пен Джеки құшақтасып, кейін қазақстандық әнші актерге қытай тілінде ән орындап берді. Бұл тосын сыйға көрермендер шапалағын аямады.

Тағы оқыңыздар: Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жетім балаларға арнап үй салып берді (фото)

Бір минуттан кейін екі жұлдыз да залдан кетіп қалды. Полицейлердің көмегімен олар қымбат мерседеске мініп, ғайып болды.

Еске салсақ, Джеки Чан Астанаға ЭКСПО көрмесіне орай келген болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516835-dzheki-chan-men-dimash-astanada-birge-s.html