RU

Құдайдың құдыреті: Бойжеткен жанып кеткен көліктен тірі шықты (видео)

Автомобиль жарыстарына қатысатын 28 жастағы Кортни Форстың (Courtney Force) АҚШ-тың Нью-Гэмпшир штатында болған көлік апатында тірі қалуы таңғажайып болып отыр деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жарыс кезінде қыздың сағатына 531 км жылдамдықпен келе жатқан көлігі жанып кеткен.

"Жарыс басталған кезде кенеттен Кортнидің машинасы дірілдей бастады. Бірнеше секунд өтпей жатып, қозғалтқыш жарылып, көлік түтінге оранды. Кортнидің аман-есен көліктен шығуы таңғажайып болды", — деп жазады The Star Daily басылымы.

Тағы оқыңыздар: Англияда футбол фанаты үш бірдей лаңкеске жалғыз өзі тойтарыс берген

Дрэг-рейсинг жарысына келген көрермендер қыздың жанып кеткен көліктен аман-есен шыққанын көріп, таңғалды.

"Құдайға шүкір, ол тірі қалды», — деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516847-qudaydynh-qudyreti-boyzhetken-zhanyp-ke.html