RU

Көкшетауда танымал репетиторды бауыздап кеткен

Көкшетауда танымал репетиторды бауыздап кеткен. Қылмыс аяусыз қатыгездікпен жүзеге асқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көкшетау ІІД басшысы Қанат Нұрмағамбетовтың сөзінше, 49 жастағы әйелдің денесін күйеуі тауып, полицияға хабарласқан. Ер адамның өзі СҚО-да жұмыс бабымен жүрген, мәйіт екі күн пәтерде жатқан.

"Денесінің бас жағында жарақаттар болды, сондай-ақ мойын бөлігі екі рет тілінген, тамағы бауыздалған" - деп түсіндірді полиция.

Сондай-ақ ол күдікті ретінде 33 жастағы Көкшетау тұрғынының ұсталғанын және кейіннен өз кінәсін мойындағанын хабарлады.

Тағы оқыңыздар: Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлердің шаңын қақты

Тінту кезінде одан жәбірленушінің жеке заттары табылды, олар - алтын сағат және сырға. Бұйымның жартысын ол ломбардқа өткізіп үлгерген.

Қылмыскерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қаза болған әйелді тұрғындардың көбі белсенді репетитор ретінде таниды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516928-kokshetauda-tanymal-repetitordy-bauy.html