RU

Головкинді шынайы өмірде көрген балалар боксшының артынан тоқтамай жүгірді (фото, видео)

Геннадий Головкин Қарағандыда дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашты. Аты аңызға айналған боксшы Майқұдыққа арнайы келіп, оны 10 мың қарағандылық қарсы алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Геннадий Головкиннің өзі және өңір тұрғындары қатысты. Головкинді қарсы алушылардың қарасы көп болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен он мың адам жиналған. Олар Головкинге жақындап, селфиге түсуге тырысты. Полицейлер мен сарбаздар адамдар легін ұстап тұруға бар күшін салды.

Тағы оқыңыздар: Ресейдің белгілі әртісі дәрігердің қабылдауында отырып қайтыс болды

Көңіл күйі көтеріңкі болған боксшы жерлестерін белсенді түрде спортпен шұғылдануға шақырды.

Кішігірім сөз сөйлеуден кейін Головкин мен Қошанов ғимаратқа кіріп, кешендегі алғашқы жаттығуларға қатысты. Олар халықаралық деңгейдегі спорт шебері Василий Черниковтің сабақтарын тамашалады.

Чемпионды шығарып салу да ерекше өтті. Балалар спортшы отырған көліктің артынан тоқтамай жүгірді.

Тағы оқыңыздар: Құдайдың құдыреті: Бойжеткен жанып кеткен көліктен тірі шықты (видео)

Еске салсақ, кешеннің құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Оның жалпы ауданы - 2384,3 шаршы метр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1516994-qaraghandylyq-balalar-golovkin-minge.html