RU

Кәсіпкерден элиталық пәтер алған ана бизнесменді құшақтап жылады (фото, видео)

Ақтөбеде жетім балалар үйінде тәрбиеленген жалғызбасты ана Ирина Кудрина баспаналы болды. Кәсіпкер жалғызбасты ананың басына баспана, жұмыс, баласын балабақшаға да орналастырып берген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Бұл баланы танымаймын. Бірақ, Рамазан айында осындай сыйлық жасауды жөн көріп отырмын. Үйің құтты болсын», - деді ақтөбелік кәсіпкер Шамил Каспранов бір бөлмелі пәтер кілтін жас ананың қолына табыстап.

Тағы оқыңыздар: Тасмағамбетовтің қызы Ақтөбеде жетім балаларға арнап үй салып берді (фото)

Ирина енді баласы баратын балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін болады.

«Бүгін мен үшін қуанышты күн. Енді баламмен бірге өз пәтерімде тұратын боламын. Үш жылдан бері құрбыларыммен пәтер жалдап тұрамын. Айына 40 мың теңге төлейміз. Өзім балалар үйінде 1996 жылыдан бастап тәрбиелендім. Қ.Жұбанов университетінде географ мамандығын бітірдім. Мектепте география пәнінен сабақ бердім. Балалы болуыма байланысты жұмысқа шыға алмадым. Енді жаңа үйге көшеміз. Қуанышымда шек жоқ. Ол кісі балам баратын балабақшаға жұмысқа алатынын айтты», - дейді Ирина Кудрина.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Нектар» құрылыс компаниясының директоры Шамил Каспранов су тасқыны кезінде баспанасыз қалған екі қызметкеріне жаңа пәтер сыйлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517000-aqtobelik-kasipkerden-elitalyq-pate.html