RU

Алматыда арыққа құлаған бойжеткеннің видеосы пайда болды (видео)

Instagram желісінің 24na7kz парақшасында Алматыдағы арыққа құлаған бойжеткеннің видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода ер адам құтқарушылардың "жұмыс істемейтін техникамен келіп, үш сағат уақыт жоғалтқанын" айтуда. Желі қолданушылары арыққа құлап, қаза болған бойжеткеннің жақындарына көңіл айтып жатыр.

Видео авторы бойжеткеннің арықта бірнеше сағат бойы жатқанын мәлімдеді.   

Тағы оқыңыздар: Путин мен Си Цзиньпин Астанаға келді

Еске салсақ, жетінші маусым күні Алматыда бойжеткен арыққа құлап, қаза болғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517033-almatyda-aryqqa-qulaghan-boyzhetkendi.html