RU

АҚШ-та белгісіз біреулер ресейлік оқушыны 22 жерден атып кетті (фото)

АҚШ-тың Монтгомери-Виллидж қаласында оқ жарақатынан қаза болған екі адамның мәйіті табылды. Олардың бірі ресейлік оқушы екені анықталған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жетінші маусым күні Fox Baltimore арнасы қаза болғандардың екеуі де оқушы екенін хабарлады - бірі 17 жастағы Ади Наджар, ал екіншісі 18 жастағы Артем Зиберов.

Телеарна мәліметтеріне сәйкес, олар бітіру кешінің алдында өлтірілген. Наджардың әкесі ұлы мен Зиберовтің сол күні Honda көлігімен бір жаққа кеткенін есіне алды. Көлікті әкесі ұлына сыйға тартқан екен.

Полицейлер Зиберов пен Наджарды көлік салонында атып кеткенін мәлімдеді. Ресейлік оқушының анасы Юлия Тевелоу бұл жайтқа қатысты өз болжамдарын айтты.

Тағы оқыңыздар: Танымал актриса той көйлегімен түскен суретін көрсетті (фото)

«Таңертең ол салтанатты табыстау шарасының дайындығында болды. Кейін достарымен бірге болып, сағат кешкі алтыда үйге кешкі асын ішуге келді. Көп ұзамай оған екі ай бұрын танысқан жан досы келді. Ол мұсылман. Есімі Шади. Ол туралы басқа ештеңе білмеймін», — дейді Юлия Владимирқызы.

Тевелоу Артемнің оқудан бөлек жұмысы мен өз көлігі болғанын алға тартты. Алайда сол түні Артем Шадидің көлігіне отырыпты.

Анасы таң ата бастағанда ұлын іздеуге кіріседі.

«Таңғы төртте полиция келіп, ұлым мен оның досын өлтіріп кеткенін айтты. Жалғыз ұлымнан айырылдым. Әрі қарай қалай өмір сүрерімді білмеймін», — дейді Юлия.

 

«Полицейлер оқушыларды қасақана өлтіргенін айтты. Бір рет емес, 22 рет оқ атқан», — дейді оқушының анасы.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбе әкімі қызметтік көлігімен анасын тасыған шенеунікті жақтап шықты

Артем Мәскеуде жерленеді. Сегізінші маусымда Артем 18-ге толуы керек болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517047-aqsh-ta-belgisiz-bireuler-reseylik-oqu.html