RU

Қазақ қызына тамсанған шетелдіктер сәбиіне Сабина Алтынбекованың атын қойды (фото)

Индонезияда тұратын ата-ана жарық дүние есігін ашқан қыз балаларына қазақ аруы, Азияның ең сұлу спортшыларының бірі атанған Сабина Алтынбекованың есімін берді, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шетелдік тұрғын Сирин Арие Путри (Sarinah Aria Путри) RSIA HERMINA деп аталатын жекеменшік клиникада екінші перзентін дүниеге алып келіп, күйеуімен ақылдаса келе нәрестесіне қазақ қызының есімін беруді ұйғарыпты. Бұл туралы келіншек қазақстандық спортшыға хабарлама жіберген.

«Жолдасым екеуміз сәбиімізге «Сабина» есімін бердік. Біз сіздің сүйкімді жүзіңізді өте жақсы көреміз. Біздің де тәтті қызымыз сіз секілді сұлу болады деп сенеміз. Егер сіздің уақытыңыз болса, біздің елге келіп, кішкентай сәбиімізбен және бізбен көрусіге шақырамын», - деп жазған Индонезия тұрғыны.

Бұл хатты қазақ спортшысы елеусіз қалдырмай, оған жауап та берді.

Тағы оқыңыздар: Головкинді шынайы өмірде көрген балалар боксшының артынан тоқтамай жүгірді (фото, видео)

«Құдайым-ау, мына сәбиді менің есіміммен атапты. Сіздердің Сабиналарыңыз өте жақсы адам болып, сонымен қатар әдемі әрі дені сау қыз болып өседі деп үміттенемін. Құрметті ата-ана, сіздерді құттықтаймын. Алла тағалам отбасыларыңызға бақ-береке алып келсін», - делінген Сабина Алтынбекованың жазбасында.

Қазақ спортшысының бұл құттықтау жауабын индонезия тұрғыны өзінің INSTAGRAM парақшасында сүйінші сұрап бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517091-sheteldikter-zhanha-tughan-sabiine-sabin.html