RU

Ақтөбе әкімі қызметтік көлігімен анасын тасыған шенеунікті жақтап шықты

Ақтөбелік журналистерден көмек сұраған белгісіз азамат тілшілерге хабарлама таратып жүр. Онда демалыс күні қала əкімнің аппарат басшысы анасын қонақтан алып бара жатқан жерінде ұсталғаны жазылған.

Хабарлама қалдырушы əділдік іздейді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпараттан қала əкімі де хабардар болып шықты.

"Қала əкімінің аппарат басшысы қызметтік көлігімен анасын қонақтан алып қайтқан. Демалыс сылтау емес. Əкімшілік қызметкерлері үшін демалыс деген жоқ. Жұмыста болуымыз керек. Сенбі, жексенбі күндері нысандар ашылады. Сондықтан қызметкерлерге "Бүгін демалыс, машинаны тапсырыңдар" деп айта алмаймыз. Демалыс күндері де əртүрлі шаралар болады",- деді қала əкімі Ілияс Испанов.

Тағы оқыңыздар: Алматылық қыздар мектеп бітіру кешіне жарты миллионға жуық қаражат жұмсайды (фото)

Қала əкімі оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжей баяндап берді.

"Ол қызметкер жұмыстан шығып, қонақта отырған анасын үйіне алып кеткен. Тəртіп бойынша анасын таксимен жіберіп, көлікте өзі болу керек еді. Анасын қызметтік көлікпен тасып жүргенде оны ұстап алған. Осыған қатысты түсініктемесін жазды. Əрекеті тəртіптік кеңесте қаралды. Этикаға сай емес екендігі айтылды. Жағдайды мемлекеттік қызмет істер департаменті бақылауда ұстап отыр",- деді Ілияс Испанов.

Қала əкімінің аппарат басшысы болған Жұман Зине осыған дейін əкімнің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517113-aqtobe-akimi-qyzmettik-koligimen-ana.html