RU

Жүкті әйелге өз қанын құйып құтқарған дәрігер жұртты тәнті етті (фото)

Кенияда жүкті әйелге өз қанын құйып құтқарған дәрігер көпшілікті тәнті етті. Аяғы ауыр келіншек оған алғыс ретінде тосын сый әзірлеген. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Толғағы қысқан келіншек ауыр жағдайда болып, шұғыл қан құюды қажет етеді. Сол сәтте қан тобы сәйкес келетін дәрігер ойланбастан оған өз қанын құйып берген. Нәтижесінде кесар тілігі арқылы сәтті босанған әйел дәрігерге ерекше алғыс білдірді.

Тағы оқыңыздар: Танымал актриса той көйлегімен түскен суретін көрсетті (фото)

Ол өзін және баласын құтқарған дәрігер Хабила Везонганың құрметіне өз нәрестесінің есімін Хабила деп қойған. Желі қолданушылары өз міндетін мінсіз атқарған дәрігерге мақтауларын жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517165-zhukti-ayelge-oz-qanyn-quyyp-qutqarghan.html