RU

Барак Обама бір костюмін сегіз жыл бойы тастамай киген

АҚШ-тың бұрынғы президентінің жары Мишель Обама Барак Обама туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, Обама бір костюмді сегіз жыл бойы тастамай киген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жыл сайынғы Apple Worldwide Developer's Conference конференциясында Мишель Обама БАҚ-қа өз сынын айтты. Ол журналистердің Барак Обаманың киіну стиліне еш мән бермегенін сөз еткен.

Мишель күйеуінің барлық іс-шараларда тек бір смокингпен жүретінін айтып, ағынан жарылды.

"Ал журналистер менің аяқ киімім мен алқамды фотоға түсірумен болды. Олар сегіз жыл бойы бір костюммен жүрген күйеуіме еш мән бермеді", - деп өкпесін білдірді Мишель.

Тағы да оқыңыздар: Шымкентте прокурорға пара бермегені үшін дәрігерді жұмысынан қуған

Ол күйеуі өзінің бұл әрекетін мақтан тұтатынын жасырмады.

"Ол маған "Мен он-ақ минутта киініп болып қойдым. Ал сен әлі киініп жатырсың" деп әзілдейтін", – дейді Мишель Обама.

Айта кетерлігі, президенттік міндетін енді атқармайтын Обама костюмді тастап, спорттық киімге ден қоя бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517184-barak-obama-bir-kostyumin-segiz-zhyl-boy.html