RU

Еуропада жоқ вокзал: "Нұрлы жолдың" шатыры алғашқы жаңбырға шыдай алмады (видео)

Астананың жаңа вокзалы "Нұрлы жол" алғашқы жауынға-ақ төтеп бере алмады. Бұл туралы NUR.KZ порталы kazday.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер шатырдан өткен жаңбырдың ғимарат ішіне тамшылап тұрғанын байқаған. Сапасыз шатырға күйінген тұрғындар бұл жайттың видеосын Instagram желісінің astana.day парақшасында жария етті.

"Мұндай вокзалды Еуропадан да таппайсың", - деп әзілдеуде видеоны түсіргендер.

Тағы да оқыңыздар: Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Видео алтыншы маусымда Астанада қатты жауын болған күні түсірілген болуы керек. Жаңа "Нұрлы жол" вокзалы бірінші маусымнан бастап іске қосылған. Кешенде 54 пойыз қызмет көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517306-europada-zhoq-vokzal-nurly-zholdynh-shaty.html