RU

Астаналық тұрғындар ораза кезінде азан даусының қатты шығатынын айтып шағымдануда

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Астана мешіттерінде түнгі уақытта азан дауысының жоғары болуы туралы келіп түскен шағымға жауап берді, деп хабарлайды Today.kz.

Ресми жауапта аталмыш мәселе бойынша мешіттерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғаны айтылған.

«Аталған мәселеге қатысты Дін істері комитеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына барлық аймақтардағы филиалдарында бекітілген нормаға сәйкес дыбыс деңгейін реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы хат жіберілді. Мешіт қызметкерлеріне осы мәселе бойынша белсенді түсіндіру жұмыстарын өткізу туралы хат облыстардағы, Астана және Алматы қаласы дін істері басқармаларына жіберілді», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Келімбетов күтпеген жерден жаңа қызметке тағайындалды

Ведомство дыбыс режимін бұзу деректерін тексеру және анықтау санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары құзыретіне тиесілі екенін атап кетті. Сонымен қатар, «Тұрғын үй кешендерінде, қоғамдық ғимараттарында және тұрғын үй алаптарында шуыл мен инфрадыбыстың гигиеналық нормативтік деңгейіне» сәйкес, сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін тұрғын үй пәтерлеріне естілетін дыбыс деңгейі 30-45 децибелл екенін еске салады.

Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз кезегінде жыл сайын мешіт азанының дыбыс деңгейіне қадағалау жүргізетінін хабарлайды. Оның нәтижесінде республиканың ешбір мешітінде дауыс ұлғайтқыштардың дыбыс режимінде норманы бұзу деректері болмағаны анықталды. Астана әкімдігі қала тұрғындары бұл мәселеге қатысты қалалық дін істері басқармасына хабарласа алатынын хабарлайды. Арыз негізінде тексеріс ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517307-astanalyq-turghyndar-oraza-kezinde-az.html