RU

Еліміздегі қалталы бизнесмен бала кезіндегі табысы туралы еске алды

Бүгінде еліміздегі табысты әрі жас кәсіпкерлердің бірі Қайрат Құдайберген алқаптан жүгері ұрлап, оны базарға апарып сатқан күндерін есіне алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазған.

"Мен жүгері алқабындағы күзетшіден қашып келе жаттым. Күзетші сүт фермасына тиесілі алқапта өсетін жүгеріден алмақ болғандардың бәріне сес көрсететін. Қолымда іші жүгеріге толған екі үлкен сөмке. Тап сол кезде қарғыс атқан жүгерілерді жек көріп тұрдым. Бірақ оларды тастап да кете алмадым.

Тағы оқыңыздар: Туған жездесін көңілдесімен ұстап алған бойжеткен өмірден бір-ақ күнде түңіліп кеткен (фото)

Ешкімнің көзіне көрінбей жүгіруге тырыстым. Кенеттен тура арт жағымда ат тұрғанын сездім.

"Иттің баласы" деген сөзді естідім де, ақырын бұрылып, кешірім сұрауға дайындалдым. Бірақ кенеттен күзетшінің басқа жаққа қарап тұрғанын байқадым. Ал ат болса маған қарап тұрды. Мен оған "өтінемін, тыныш, өтінемін", - деп ішімнен жалынып тұрмын.

Сол сәтте ат басқа жаққа қарай шаба жөнелді. Тағы 3 минуттай отырдым да, мен де қаша жөнелдім. Екі сағаттан соң анам жүгері қайнатып, пісіріп қойды. Тағы бір сағаттан соң піскен жүгеріні жергілікті базарда сатып тұрдым. Осылайша мен ауыл шаруашылығы саласындағы алғашқы табысымды таптым. Ал сіз бала кезіңізде қалай ақша таптыңыз?", - деді ол.

Ал желі қолданушылары болса, оның қайсарлығына таңғалып, оның бизнесіне сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517587-otandyq-millioner-alqaptan-zhugeri-ur.html