RU

Интимді суреттерін кепілге қойып, несие алған қытайлық қыздар әлем назарына ілікті (фото)

Қытайда онлайн несие нарығында ерекше несиенің түрі пайда болды: егер қарызгер уақытында алған сомасын төлей алмаса, несие беруші желіде оның интимді суреттерін жариялайды деп хабарлайды tjournal.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Студент –қыздар жеке құжаттарымен қоса, жалаңаш суреттерін жіберулері тиіс. Есесіне онлайн-несие берушілер оларға мың юань қарызға береді. Егер, алған қарызыңызды төлеуден бас тартсаңыз жалаңаш сурет ата-анаңызға, сосын әлеуметтік желіге тарайды.

Jiedaibao платформасының несие берушісінен Ли Ли есімді студент 500 юань алған (шамамен 25 мың теңге), үстемесі 30%. Ескі несиесін жабуға ақшасы болмаған Ли Ли жаңа қарыз алып, нәтижесінде 55 мың юань берешек болып қалады. Енді несие беруші оның интимді суреттерін жариялайтынын айтып, қорқытып жатыр.

Басқа бір студент 10 мың юань үшін интимді видео жіберген. Несие берушінің суреттерін жариялайтыны туралы смс хабарламасы бар скриншот қытайлық БАҚ беттерінде тарап кеткен.

Тағы оқыңыздар: Отандық миллионер алқаптан жүгері ұрлап сатқан кездерін есіне алды.

Суреттерді жіберу алдын-ала жүзеге асады, әдетте ол үшін QQ және WeChat қолданылады. Кей несие берушілер жас қыздардың жіберген суреттерін несиелерін жапқаннан кейін де, басқа адамдарға сатады деп жазған Legal Daily газеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517633-intimdi-suretterin-kepilge-qoyyp-nes.html