RU

Шымкент 2020 жылы астана болуы мүмкін

Шымкент қаласы 2020 жылы Астана болып қалуы әбден мүмкін. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ташкентте ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің мәжілісінде Шымкент қаласын 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы деп белгілеу туралы ұсыныс білдірді деп жазады Рейтинг газеті.

Қазақстанда ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін Астана (2012 жылы) және Алматы (2014 жылы) қалалары иеленген.

Мәдени астана болып 2018 жылы Арменияның Горис қаласы, 2019 жылы Беларустің Брест қалалары белгіленген.

Жалпы ТМД-ның мәдени астанасы жобасы 2012 жылдан басталады. Биыл бұл атақты Әзірбайжанның Гянджа қаласы иеленіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517660-shymkent-2020-zhyly-astana-boluy-mumkin.html