RU

Қытай жігіті мен қазақстандық қыздың махаббаты желіні дүрліктірді (видео)

Қытайлық «Синьхуа» ақпараттық агенттігі қазақcтандық қыз бен қытай жігітінің махаббат хикаясы турасында бейнеролик түсірген екен. Бұл жайында Қытай президенті Си Цзиньпин айтты деп хабарлайды Qamshy.kz.

Президенттің сөздеріне қарағанда, қытай жігіті мен қазақстандық қыздың махаббатын көрсету арқылы екі елдің ынтымақтастығын көрсетпек болған.

Бейнероликтегі оқиға желісі мынадай: Синьзяндық жас қытай жігіті жергілікті ауруханада Валентина есімді аруды көзі шалып, ғашық болып қалады. Ақыры екеуі бас қосып, дүниеге ұлдары келеді. Ұлдары 6 жасқа толғанда Валентина саяси жағдайларға байланысты еліне қайтуға мәжбүр болады. Ұлдары ер жетіп, өз анасын іздей бастайды. Тек 2009 жылы ұлы 61 жасқа келгенде 80 жастағы анасын Алматыдан табады. Сөйтіп Валентинаны Қытайға апарып, Аспан асты елінің жайлылығын көрсетеді.

Тағы оқыңыздар: IBF рейтингі: Қанат Ислам үздік үштікке кірді

«Бірнеше жылдардан кейін бақытқа кенелген бұл отбасының тағдыры – Қазақстан мен Қытай тұрғындары арасындағы ажырамас достықтың көрінісі», - деп айтты бейнеролик жайында Қытай президенті.

Еске сала кетейік, қаңтар айындағы қазақстандық қыздарға Қытай дөкейлеріне тұрмысқа шығуды ұсынған хабарландыру әлеуметтік желілерді дүр сілкіндірген болатын.

Тағы оқыңыздар: Жігіттердің қыздарды не үшін жылатып кететіні белгілі болды

 

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Доска объявлений Алматы, Астана» паблигінде мынадай мазмұндағы хабарлама жарияланған: «18-40 жас аралығындағы басы бос қыздар! Бейжің тұрғыны, әрі бойдақ ер жігітке тұрмысқа шыққыңыз келе ме? Бізге хабарласыңыз. Бейжіңдегі дөкей жігіттер тобы Астанаға отбасын құру үшін келе жатыр. Арнайы бірнеше шаралар дайындап жатыр. Ер адамдар бақуатты өмір сүреді, еуропалық білімі бар, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген»

Мұндай ақпаратқа қазақ халқы наразылығын білдіріп, түрлі пікірлерін қалдырған. Осы жарнамаға байланысты Қазақстандағы ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэй де мәлімдеме жасаған еді. Аталмыш ұйымның бар-жоғынан хабары жоқ елші қазақстандық қыздарға Қытай жігіттері қатты қызығатыны жайында айтып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517799-qytay-zhigiti-men-qazaqstandyq-qyzdynh.html