RU

Алматыда 22 жастағы студент диплом қорғауға бір күн қалғанда жоғалып кеткен (фото)

Алматыда 22 жастағы студент Арман Нұржанұлы диплом қорғауға бір күн қалғанда жоғалып кеткен. Оны полицейлер мен курстастары және еріктілер іздеп жатыр. ІІД студенттің ізін таптық деген деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Достары оны дилом қорғардан бір күн бұрын көріп, сөйлескен. Арманның анасы телефонмен сөйлескендерін есіне алады.

"Ол диплом қорғауға дайын екенін айтты. Не үшін бұлай болғанын түсінбеймін, оның сабаққа қатысты проблемасы болмаған. Бастысы ұлым аман-есен, тірі табылса екен. Көрген-білгендер болса хабар берулеріңізді сұраймын",- деді жоғалған жігіттің анасы Салтанат Әбілмажинова.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда түн ішінде қайықпен серуендеген қыз бен жігіт ажал аузынан аман қалған

Арман Нұржанұлын 40 полицей күшімен іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстары Алматы қаласында ғана емес, қаланың шетінде де жүргізілуде.

Құқық қорғау қызметкерлері оның телефоны арқылы студенттің қай аймақта екенін анықтай алған. Оның үстіне бір апта бойы Арманның әлеуметтік парақшалары жаңарып отырған.

Сол күні Арманның туыстарының айтуынша, оның қалтасында шамамен 500 доллардай қаражат болған. Жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы оқыңыздар: Қытай жігіті мен қазақстандық қыздың махаббат хикаясы желіні дүрліктірді (видео)

 

Нұржанұлы Арманды көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:  298-54-01; 298-54-02; 8-708-093-01-33; 8-702-308-36-13 немесе 8-707-581-23-90".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517842-almatyda-22-zhastaghy-student-diplom-qorgh.html