RU

Жамбылдық жігіт министр Қасымовтан Қытайға жер аударылған жарын қайтаруды сұрады

Тұрсын Бөрібай есімді қазақстандық жігіт Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа өзінің мәселесі бойынша көмек сұрап, хат жазды. Хабарламада айтылғандай, оның заңды некедегі жұбайын Қазақстаннан Қытайға жер аударып жіберген деп хабарлайды Abai.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

2015 жылы ол Талдықорған қаласында ҚХР-ның азаматы Иманәлі Жазира атты қызбен танысып, бір-бірін ұнатып, алдағы күндерде отбасын құруға уағдаласады.

Өкінішке орай, Бөрібайдың болашақ жары Иманәлі Жазира 2016 жылы 7 маусымда Қазақстанның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» қылмыстық кодексінің 517 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген.

Тағы оқыңыздар: Шалғай ауылға ат басын тіреген Сапарбаев бірыңғай ақ орамал таққан аналарға риза болды

Ең бастысы, «Халықтың көші-қоны туралы» (2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV) Заңының 49-бабының «Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған» деген нормасы ескерілмепті.

Тұрсын Бөрібайдың жарының жер аударылғанына бір жыл өтті. Енді төрт жылы бар.

"Сөз берген соң, жігіт адам уәдесінде тұру керек! Жақында ҚХР-ға барып, Иманәлі Жазирамен заңды некеге тұрып келдім. Шынымды айтсам, төрт жыл күту мен үшін оңайға соғып тұрған жоқ. Бейбіт күнде ескі заманның қатал заңына ұшыраған ғашықтардың күйін кешу қиын екен, Қалмұханбет ағатай!

Оның үстіне, үйдегі ұлдың кенжесі едім. Әкем Нұрсапа Тұрсын миына қан құйылып, ауырып жатыр. Менің тойымды жасап, қызығымды көріп кетсем деп күнде армандайды. Халқымызда «Екі жасты қосқан алғыс алады, екі жасты айырған қарғыс алады» деген аталы сөз барын жақсы білесіз", - деп жазған азамат «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде министрдің орынбасары Р.Т. Жақыповтың қабылдауында болып, осы хатты тапсырған.

Тағы оқыңыздар: Бұзауымен бірге қозы-лақтарды да емізген сиыр желідегілердің жүрегін елжіретті (видео)

"Қазақстанның ішкі істер министрі лауазымыңызбен, Полиция генерал-майоры мәртебеңізбен менің шаруамды өз қолыңызға алып, алыста қалған келініңіздің Атажұртына оралуына, сыңарына қосылуына көмектесуіңізді өтіне сұраймын!", - деген Бөрібай Қалмұханбет Қасымовты өмірде бір рет қана болатын отбасын құру тойының құрметті қонағы болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517917-zhambyldyq-zhigit-ministr-qasymovtan-q.html