RU

Көгілдір жігітті сомдамас үшін басты рөлден бас тартқан актерлар кімдер?

Көптеген актерлар кинода гейдің рөлін ойнауға келісім бере бермейді. snatchnews.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ оқырман назарына кинода еркектерге ғашық адамның рөлін ойнаудан бас тартқан актерларды ұсынады.

1. Марк Уолберг

Уолберг "Горбатой горе" фильмінде ойнаудан бас тартады, себебі мұндай рөлді ойнауға оның дінінде рұқсат жоқ. Оның үстіне ол басынан-ақ көгілдірдің рөлін сомдауға қарсы болған.

2. Кевин Харт

Бірнеше жыл бұрын актер гомосексуалистің рөлін шынайы беріліп ойнай алмайтындықтан, ешқашан бұл рөлді алмайтынын айтқан.

Тағы оқыңыздар: Филиппинде мұсылман ер адам 64 христианды содырлардан құтқарып қалған

3. Микки Рурк

Микки Рурк Герете Томас туралы фильмнен бас тартты. Себебі онда актердің гей екенін мойындайтын жері бар. Анығы, Рурк көгілдірдің рөлін ойнай алмаймын деп тура айтпады, тек кейбір физикалық әрекеттерді қайталау үшін жасының келгенін сылтау етті.

4. Джордж Такеи

"Стартректе" Хикару Сулуды сомдаған Джордж Такеиде көгілдірдің рөлінен бас тартқан. Оған продюсерлердің кейіпкерінен көгілдір жасағылары келгені ұнамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517930-kogildir-zhigitti-somdamas-ushin-basty.html