RU

Головкин: Сауль Альварес мен сияқты мықтымен жұдырықтасқан жоқ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports арнасына мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі туралы айтып берді.

- Альварес – менің карьерамдағы ең мықты қарсылас болмақ. Ол – өте мықты боксшы. Алайда ол мен сияқты «панчермен» жұдырықтасқан жоқ. Жекпе-жек қалай аяқталатынын болжау мүмкін емес. Бірақ оны нокаутқа түсіру үшін бар күшімді саламын. Канело екеуіміз «Биг драма шоу» көрсетуге дайынбыз.

- Канелоның Чавеспен өткен кездесуі туралы не ойлайсыз?

- Мен үшін ең қызығы – неліктен Канело оны нокаутпен ұтпады. Альварес өте көп соққы бағыттады, алайда ешқандай соққысы Чавесті құлатпады. Мен үшін бұл түсініксіз.

Тағы оқыңыздар: IBF рейтингі: Қанат Ислам үздік үштікке кірді

Естеріңізге сала кетсек, Канело - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні, Лас-Вегастың T-Mobile Аренасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1517957-golovkin-kanelo-men-siyaqty-pancherme.html