RU

Мүлде футбол ойнай алмайтын әйгілі ойыншы туралы не білеміз? (фото)

Карлос Кайзер кедейліктен құтылу үшін танымал футболист болуды армандаған. Бірақ, өскен соң футболға икемі жоқ екенін түсінген ол, алған бетінен қайтпай, жанкүйерлері мен барлық командаларын алдайтын әдіске көшеді деп хабарлайды snatchnews.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Алғашқыда ол сол кездегі барлық танымал футболистермен танысып, өзі туралы бірер ауыз жылы сөз айтуды өтінген. Олар жаттықтырушыларына болашағынан үміт күттіретін жігіт туралы айтып, өз командаларына шақыртқанда бір ай демалыс сұраған.

Бір ай бойы демалып, қыздармен көңіл көтереді. Кейін алаңға шығып, белін шығарып алғандай кейіп танытады. Ол кезде МРТ жоқ, осылайша тағы бір ай емханада жатады.

Жарақаттанып жатқанда алдын-ала дайындық жасап, команда өзін жақсы көруі үшін нөмірге жезөкше қыздарды алдыртатын болған.

Бір ойында жаттықтырушы оған ойыншыны алмастыруды сұрайды. Ол болса өтірігі ашылып қалудан қорқып, жанкүйерлердің намысына тиетін сөздер айта бастайды. Осылайша ол қызыл карточка иеленіп, алаңға шықпайды.

Жаттықтырушыға жанкүйерлер оны ұры деп атағанын, ал Карлос болса оны әкесіндей көретіндіктен, мұндай бассыздыққа шыдамадым дейді. Мұндайды күтпеген жаттықтырушы оның келісім шартын 6 айға созады.

Ол бар уақыт өзімен бірге ойыншық телефон алып жүріп, ағылшынша сөйлесіп жүргендей түр танытқан. Командада ешкім ағылшын тілін білмейтіндіктен, бәрі оған сенеді. Бірақ, кейіннен дәрігерлер оның өтірігін ашқан соң, ол клуб ауыстырады.

Бұл қулығын Карлос "Фламенго", "Васко Да Гама", "Палмейрасе", "Флуминенсе" және көптеген басқа командаларда қайталайды.

Тағы оқыңыздар: Мәжіліс депутатын шымкенттік жауапты компания оңдырмай алдап кеткен (видео)

Барлық команда оны үнемі жарақат алып, алаңға шыға алмайтын жолы ауыр жігіт деп санайды.

Француздық «Газелек» клубымен келісім шартқа отырғанда, мыңдаған жанкүйерлер жаңа бразилия жұлдызының техникасын көруге келеді. Ол болса допты жиналғандарға қарай лақтырып, күліп отырған.

Осыдан кейінде ол команда құрамында бірнеше жылға қалады.  Еліне оралған ол басылым беттеріне сұхбаттар беріп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518031-mulde-futbol-oynay-almaytyn-aygili-oy.html