RU

Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілініп, дауға қалды

Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы қорықта табиғатты қорғау инпекторларының көлігі отқа оранды. Жанғыш затты бұларға, жол талғамайтын көлікпен қашқан браконьерлер лақтырған. Алайда көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілінді деп хабарлайды КТК арнасы.

Инспекторлар жанған көліктің ішіненен шамалары келгенше дүниелерін алып үлгерген. Қорықшылардың айтуынша, олар 6-шы маусым күні қорық аумағында броконьерлерді 3 көлікпен қуыпты. Мемлекеттік нөмірі жоқ джип мінген қашқындар алдымен оқ жаудырып, кейін бұларға қарай жанғыш зат лақтырып із суытқан көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Атырау облысында болған жантүршігерлік бірнеше адамның өмірін жалмады (фото)

Көліктегі бейнетіркеу құрылғысы да жанып кеткен. Сондықтан олар түсінікті ауызша ғана беріп отыр. Ал қалған екі көліктегілер қуғынды неге жалғастырмағаны әзірге белгісіз. Қазір бұл айтылғандарды полиция тексеріп жатыр.

"Барлық болжамды қарастырамын. Инспекторлардың сөздеріне де 50 пайыз ғана сеніп отырмын. Күмәнді тұстар да жоқ емес. Сол себептен қазір ішкі істер департаментіне келіп әрқайсысынан жауап алынсын, анықтасын деп арыз жаздым", - дейді«Ақбөкен» табиғи қорығының директоры Игорь Милосердов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518147-qaraghandy-oblysynda-koligi-ortengen.html