RU

Қытайдың 51 компаниясы Қазақстанға көшіп келеді

Шетелдік кәсіпкерлер елімізде қара алтын өндіру ісін әрі қарай ұзартуды сұрап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Нұрсұлтан Назарбаев оны Үкімет қарастырып жатқанын айтты. Ал жақында Қазақстандағы қытайлық бизнесмендердің саны еселеп артпақ. Көрші мемлекеттің 51 компаниясы елімізге көшіп келмекші. Екі ел арасындағы алыс-берісті бүгін Астанаға ресми сапармен келген Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпи мен Нұрсұлтан Назарбаев талқыға салды.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілінді

Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл кездесуі - ресми келіссөзіне қарағанда, ескі екі достың ашық әңгімесіне ұқсады. Өйткені, олар жүздесу кезінде бір-біріне жақын жолдас, сенімді серік екендерін жиі қайталады. Қытайлық қымбат қонақүйге жайғасқан Си Цзиньпин болса, Астанада өз үйінде жүргендей сезініп жүргенін айтып ағынан жарылды.

Оның үстіне мәртебелі мейман Арқа төсіне осымен үшінші рет табан тіреп отыр. Дүниежүзінде экономикасы жедел дамып жатқан Қытай мен Қазақстанның алыс берісі жыл санап артуда. Коммерциядан бөлек, екі жақтың да өз геосаяси мүддесі бар. Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев мұндай тығыз әріптестікті «жылдар бойғы келіссөздердің нәтижесі» деп атады.

Си Цзиньпиннің осы іссапарынан кейін аспан асты елінен келетін кәсіпкерлердің саны еселеп артқалы тұр. Өйткені, құны 28 миллиард доллар болатын 51 қытайлық зауыт елімізге көшіп келмек. Сондай-ақ, тараптар кейбір ортақ жобаларды салықтан мүлдем босатуға келісті. Ал Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатқан қытайдың алпауыт мұнай компаниялары  келісім мерзімін тағы ұзартуды сұрап отыр екен. Бұл ұсынысты Назарбаев мұқият зерделейтінін айтты.

Тағы оқыңыздар: Атырау облысында болған жантүршігерлік апаттан бірнеше адам қайтыс болды (фото)

Қазақстан мен қытай арасындағы байланысты мұнайдан кейін сауда-саттық жалғастырып тұр. Былтыр алыс-беріс 8 миллиард долларға жуықтаған. Яғни тауар айналымы 30-40 пайызға өскен.

Сондай-ақ, Си Цзиньпин мен Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны селден қорғайтын платина салуға уағдаласты. Құрылысқа қос ел бірдей араласпақ. Осылайша, ресми Астана мен Пекин алыс-беріс пен барыс келісті бұдан да жандандыра бермекші. Ал Қазақстанға көңілім ерекше деген Қытай төрағасы Астанада үш күнге келген. Ертең ол, Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысына кейін ЭКСПО көрмесінің  ашылуына да қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518164-qytaylar-qazaqstannan-ozderin-munay.html