RU

Головкин туған жері Майқұдықта өз қаржысына балалар алаңын салдырмақшы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин туған жері Майқұдықта өз қаржысына балалар алаңын салдырады. Бұл туралы боксшының "ВКонтакте" желісіндегі ресми парақшасында жазылды.

Майқұдықта өз қаржысына балаларға арналған ойын алаңын салу жайлы боксшы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесуде айтқан.

"Елбасының бастамасымен бүгінде "Туған жер" бағдарламасы жүзеге асуда. Кәсіпкерлер, танымал адамдар өздерінің туып-өскен жерлерін көркейту мақсатында түрлі шаралар жасап жатыр. Бірі мектеп салса, енді біреулері жол жөндеді. Мұны көпшілігі қолдады", - деді әкім.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілініп, дауға қалды

Өз кезегінде Геннадий Головкин де бұл бағдарламаны қолдайтынын айтты.

"Мен де бұл бағдарламаны қолдаймын. Өзім өскен ауылда балалар ойын алаңын салсам, бұл – игі іс. Елбасының бұл бағдарламасын қолдаймын, әрі атсалысамын", - деді боксшы.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Майқұдықта өз атына берілген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518222-golovkin-tughan-zheri-mayqudyqta-oz-qar.html