RU

Ашылуына бір күн қалған ЭКСПО көрмесінің жағдайы қалай?

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына бір тәулік қалды. Бүгін 9 маусым елбасының қатысуымен шараның ресми ашылуы болады. Дегенмен алаңда әлі күнге дейін белсенді түрде құрылыс жұмысы жүріп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Әсіресе аймақты көгалдандыру ісі белсенді жүруде, жұмысшылар гүлдерді отырғызуды әлі аяқтамаған.

Дайын ыдыстағы көгалдар жедел түрде отырғызылып жатыр.

Тағы оқыңыздар: Головкин туған жері Майқұдықта өз қаржысына балалар алаңын салдырмақшы

Ертерек отырғызылған шөптер құрғап, ескі және балғын көгалдың қазіргі түрі біртүрлі көрінеді.

Жұмысшылар тынбай еңбек етуде, олардың ұйқы көрмегеніне де біраз болған шығар. Мына жұмысшының әбден қалжырағаны көрініп тұр.

Тағы оқыңыздар: Бүгін Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің шымылдығы ашылады

Айналаның бәрінде плитка төсеу, қоқыс пен құм жинау ісі жүруде.

Тағы оқыңыздар: Алматыда қарақшылар танымал актрисаның үйін екінші рет тонап кеткен.

Жұмыс тек жерде ғана емес, ғимарат шатырларында да жүруде. Мысалы, ондаған жұмысшы Конгресс Холл мекемесінде жүр.

Барлық орын алып жатқан оқиғаны көрменің үлкен нышандары - Сәуле, Мөлдір және Қуат бақылап тұр.

Көрме жанындағы тұрғын үй кешендерінің жұмысы аяқталмаған, олар көрген көзді  үңірейге терезе, жоқ балконымен "қуантады".

Жұмысшылар алаңның сыртқы келбетін жөндеумен айналысып жатқанда, сол маңайда балалар мен шақырылған әртістер шараның ашылу салтанатына дайындық жүргізуде.

Кей адамдар кіре берісте шамадандарымен отыр.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды облысында көлігі өртенген қорықшылардың өздері күдікке ілініп, дауға қалды

ЭКСПО көрмесінің негізгі бөлігі дуалмен қапталған. Павильондар, концертке арналған көше амфитеатры бөлігіндегі жұмыстар аяқталған.

Ішке қарай келушілер арнайы орналасқан турникеттер арқылы, кіру билеттерімен өтеді.  Барша жан үшін көрме есігі 10-шы маусым толықтай ашылады.

Тағы оқыңыздар: Тартымды қазақ жігіттері өзінен үлкен қалталы әйелдерді қарату үшін арнайы курсқа барып жүр

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518265-ashyluyna-bir-kun-qalghan-ekspo-kormesi.html