RU

Алматылық бойжеткен өзін төсекке сүйреген басшысы туралы шындықты жайып салды

Астанаға барып, өз мамандығымен жұмысқа тұра алмаған бойжеткен жыныстық қатынас ұсынатын басшылардан шаршағанын айтып, елге жанайқайын жеткізді. Алматыдан білікті маман ретінде елордаға қоныс аударған банк қызметкері өзімен төсектес болғысы келген басшысының арсыз әрекеттерін елге жайып салды. Ол NUR.KZ тілшісіне басынан өткен қиындықтарын айтып берді.

"Мұндай басшылардың бар екенін естіп жүреміз ғой. Бірақ басыңа дәл осындай жағдай түссе, абыройы, ары бар қыздарға өте қиын екен. Алматылықпын, бірақ елордаға қоныс аударып, дамуға, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземін деп ойлап, Астанаға көшіп бардым. Алматыда банк қызметкері, яғни аға менеджер болғанмын.

Тағы оқыңыздар: Сапарбаевтың алдында руын айтып мақтанған аудандық кәсіпкердің басы бәлеге қалды

Шет тілдерін жетік білемін, өз саламның кәсіби маманымын.  Тұрмысқа шықпаған, 25 жастамын. Отбасын құруға қатты асықпаймын. Бірақ Астанаға барып, ешқандай банкке кіре алмай, екі жарым ай сандалдым. Бір күні өзім резюме тастап кеткен танымал банктің кеңсесіне барып, басшысына жолықпақ болдым. Өз-өзіме сенімді болған соң, оған білімді екенімді, керек маман екенімді көрсеткім келді. Басшы 40-45 тегі орта жастағы кісі екен. Менімен көп сөйлескен жоқ, бірақ мені ұнатқан сыңайлы болды. Ертеңінде жұмысқа шақырды", - дейді ол.

"Сөйтіп тез ақ жұмысқа кіріп кеттім. Бірақ мен басшымыздың маған деген ілтипаты артып келе жатқаным байқадым. Әрнәрсені талқылау үшін кеңсеге шақырып алып, жеке сөйлесетін болды. Қызметімді де көтере бастады. Сондай бір кездесуде ол маған тарс еткізіп шарт қойды. Оның шарты бойынша не көңілдесі болып, қызметімді өсіре аламын, не жұмыстан кетуім керек", - дейді бойжеткен.

Ол не істерін білмей, жанындағы жақын сөйлесетін әріптесіне бар шындықты айтқан. Бірақ әріптесінің айтқан сөзі оны шошытып жібереді.

Тағы оқыңыздар: Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері өседі

"Ол кісі енді саған көшті ме? Білесің бе, осы жерде отырған мына келіншектердің барлығы оның бұл ұсынысын қабылдағандар. Бізде басшының көңілдесі болмасаң, жағдайың қиын деді әріптесім. Бірақ мен мұндай арсыз банкте ендігәрі жұмыс істей алмайтынымды түсіндім. Бір кеңседе бір еркекпен төсектес болған бірнеше қыздың отырғанын түсіне алмаймын. Бұл мен үшін адам шошырлық жайт", - деп есіне алды бойжеткен.

"Бұдан кейін мен бұл жағдайға бірнеше рет тап болдым. Сондықтан Алматыға қайта көшіп келгенім дұрыс деп шештім. Егер еліміздегі әр басшы қыз-қырқынды ойлап, жұмысқа білімі жоқ, бірақ төсектес болуға дайын бикештерді іріктеп алатын болса, жағдайымыз қиын екен деп ойладым", - дейді алматылық қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518357-almatylyq-boyzhetken-ozin-tosekke-suy.html