RU

Қытайлық жас жұбайлар телефон мен киім алу үшін өз сәбилерін сатып жіберді (фото)

Қытайда 20 жастағы ерлі-зайыпты екі жасар ұлдарын телефон мен жаңа киім алу үшін сатып жіберген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

Жастар  өте кедей болғандары үшін баланы аукционға қойғандарын айтады.

Сәби үшін 2,8 мың доллар алған екеуі бар ақшаны телефон мен киім алуға жұмсаған. 

Тағы оқыңыздар: Қытайлықтар Шымкентте 57 қабатты қос ғимарат салатын болды.

Бұл іске полиция араласқанда жұбайлар ақшаларының жартысын жұмсап үлгеріпті.

Баланың әкесі сәби саудасымен айналысқаны үшін тұтқындалды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1518386-qytaylyq-zhas-zhubaylar-telefon-men-kii.html